Барлығына инклюзивті білім беру

2022 жылдың 26 сәуірінде № 2 Бескөл орта мектебінің оқушылары "Ардос-Жүрек" мүгедектер бірлестігі ұйымдастырған "Баршаға арналған инклюзивті білім беру" жобасы аясында "Смотри как на равного" тренингіне қатысты. Жобаның негізгі мақсаты мүгедектігі бар адамдардың қолжетімді инклюзивті білім алу құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету болып табылады. Тренинг нормотиптік құрдастарын мүгедек адамдармен қарым-қатынас ережелерін оқытуға бағытталған. Тренинг барысында балалар мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетудің практикалық жағдайларын талқылады. Тренинг соңында оқушылар инклюзияны қолдау кабинетінің мамандарымен бірлесіп "Инклюзивті білім беру балалар көзімен" тақырыбында шығармашылық жұмысын жасады. Тренингтің әрбір қатысушысына естелік сыйлықтар берілді. Іс-шара соңында қонақтар инклюзияны қолдау кабинетінің жұмыс барысымен танысты.

26.04.2022
Қараулар: 559
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет