5-6 сынып оқушылары арасында «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы бойынша ақпарат

4 сәуірде онлайн форматта 5-6 сынып оқушылары арасында «Мың бала» олимпиадасы өткізілді.

«Мың бала» — ауыл балаларын қолдауға және дамытуға, олардың қалалық құрдастарымен табысты бәсекелесуі үшін жағдай жасауға, білім алшақтығын қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба.

Олимпиаданың мақсаты-ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.

Олимпиада 2 кезеңде өтеді. Бірінші кезең танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттерді қамтиды. Кешенді тестілеу «Логикалық ойлау» және «Кеңістіктік ойлау» бөлімдерінен тұрады.

Бірінші кезең бойынша платформаға 5-6 сыныптардың 864 оқушысы тіркелді, оның ішінде 5 сынып — 402 оқушы, 6 сынып — 462 оқушы. Олимпиаданы жалпы 782 оқушы өтті.

Тестілеу нәтижелері 2 апта ішінде жарияланады. Финалистер 2-кезеңге қатысады.

07.04.2022
Қараулар: 495
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет