8-сынып оқушылары арасында «IQanat» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысу туралы ақпарат

17-18 наурызда Қызылжар ауданының 16 мектебінен 8-сыныптың 29 оқушысы «IQanat» республикалық олимпиадасының екінші облыстық кезеңіне қатысты. Оқушылар логикалық және кеңістіктік ойлау, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, ағылшын тілі және бір пән таңдау бойынша: биология, география, тарих, математика, физика, химия пәндері бойынша тестілеуден өтті. Екінші турдың жеңімпаздары финалға 2023 жылдың жазында Астанаға барады.

IQanat- ауыл оқушыларын қолдауға ниет білдірген 100-ден астам қазақстандық кәсіпкерлермен қолдау көрсетілетін әлеуметтік-білім беру жобасы. Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған оқушылар мотивация мен қосымша білім алады, ал жүздеген оқушылар үздік университеттерге грантқа түседі.

СҚО-дағы «Iqanat» жобасының қамқоршысы белгілі қазақстандық кәсіпкер – «ОАЭК» АҚ Сергей Кан болып табылады.

 

 

18.03.2023
Қараулар: 295
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет