Білім саласының қызметкерлері құрмет төрінде 5 қазан – Мұғалімдер күні. Осыған орай Бескөл аулындағы аудандық мәдениет үйінде «Ұстаздар асыл жандар» атты мерекелік концерт өтті

Салтанатты жиынға бiлiм мекемелерiнiң басшылары, педагогтер, ардагер ұстаздар, мемлекеттiк қызметкерлер мен оқушылар, барлығы үш жүзге жуқы адам жиналды. Олар үшiн дәлiзде естелiк суретке түсуге арналған фото-аймақ қойылды, көркем сурет өнерпаздарының туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Концерт басталғанға дейiн қонақтардың назарына аудандық бiлiм саласының жетiстiктерi мен тұлғалары туралы слайдшоу көрсетiлдi.

«Алты алаштың баласы бас қосқан кезде, төрдегi орын ұстаздiкi» деп марғасқа Мағжан Жұмабаев дәл айтып кеткен. Сондықтан жылына бiр келетiн кәсiби мерекеге ұйымдастырушылар ерекше дайындалды.

Мерекелiк концерттiң шымылдығын Ботагөз Маметова жетекшiлiк ететiн «Айналайын» эстрадалық ән ансамбiлi «Ұстазым» әнiмен ашты. Содан соң «Дружные ребята» үлгiлiк би ансамбiлi «Пшеница золотая» тақырыбындағы биiн билеп бердi. Сахнада Дмитрии Самодуров пен «Мерей» өнер мектебiнiң тәлiмгерлерi шығып, көрерменнiң ыстық ықыласына бөлендi.

Осындай көтерiңкi көңiл күйде қалың қауымның алдына аудан әкiмiнiң орынбасары Алма Нұрғалиева шығып, өзiнiң жылы лебiзiн жеткiздi.

«Құрметтi ұстаздар!Қымбатты ардагерлер!Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз — Мұғалiмдер күнiмен шын жүректен құттықтаймын!Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев „Заманауи әлемде елдiң қуаты ең алдымен азаматтардың бiлiмiмен өлшенедi“ — деп атап айтты. „Ұстаз“ - деген ұлы сөз. Осы жоғары жауапты маман иелерi сiздерге шынайы алғысымды бiлдiремiн.Педагогика саласының еңбек ардагерлерiне ерекше алғысымды бiлдiремiн. Бүгiнгi мерекелерiңiз құтты болсын!Әр отбасына жақсылық, шығармашылық табыс тiлеймiн!», — дей келе Алма Амангелдiқызы бiр жылда ерекше белсендiлiк танытып, көзге түскен педагогтердi әртүрлi марапаттармен марапаттады.

Осылайша жоғары бiлiктiлiгi, жастарға тәрбие мен бiлiм беруде аянбай еңбек еткенi үшiн Новокаменка орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмi Саруар Бралин мен «Парасат» мектеп-лицейiнiң директорының орынбасары Шарида Омарова Бiлiм және ғылым министiрлiгiнiң Құрмет грамотасына ие болды. Ал бiлiм саласында көп жылғы еңбегi үшiн Якорь орта мектебiнiң бастауыш сынып мұғалiмi Алма Шаштаулетова министiрлiктiң Алғыс хатымен марапатталды.

Бұдан бөлек он шақты адамға Бiлiм басқармасының Құрмет грамотасы және бес адамға аудан әкiмiнiң Алғыс хаты табысталды.

Бiлiм саласын қызметкерлерiнiң облыстық кәсiподағы да осы жолы шет қалмады. Олар мекеменiң атынан адал еңбегi мен қызметкерлердi әлеуметтiк қолдауға көрсеткен қолғабыстары үшiн Бәйтерек ОМ директоры Саяудат Султангазина мен Пеньково ОМ директоры Сарбиназ Сағанаеваға Құрмет грамоталарын табыс еттi. Сонымен қатар Бескөл орта мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалiмi Александр Гречишниковқа 2019 жылы сауықтыру санатриилардың бiрiне тегiн жолдама бердi.

Сонымен қатар соңғы жетi жыл бойы № 2 Бескөл ОМ директоры болып қызмет атқарып келген Зейни Буздакова осы жылы құрметтi зейнетке шықты. Осыған орай, бiлiм саласының дамуы мен жас ұрпақты тәрибиелеуде қосқан үлесi үшiн ол «Бiлiм беру iсiнiң Құрметтi қызметкерi» деген жоғары атаққа ие болды.

Мереке барысында ардагерлер ұстаздарға гүл шоқтары табысталып, өткен оқу жылы республикалық, халықаралық олимпиадалар мен спорт жарыстарының жүлдегерлерiн дайындаған педагогтер құрметтелдi.

Содан соң салтанатты жиын мерекелiк концертке ұласты. Алғаш болып Қызылжар аудандық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерлерi хормен ән шырқап, көрерменнiң қошеметiне бөлендi. Содан соң республикалық Абай оқуларының екiншi орын иегерi, Красноярка орта мектебiнiң түлегi Амангелдi Есiм өлең оқып бердi. Сахнада «Томирис» балалардың сән театры, «Айналайын» эстрадалық ән ансамбiлi мен «Дружные ребята» би ансамбiлi кезекпен өнер көрсетiп, ұстаздарды төл мерекелерiмен құттықтады.

Фархат Тастамбек,
Суреттi түсiрген автор.

 

06.10.2018
Қараулар: 1667
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет