«Үздiк педагог-2022» республикалық конкурсының аудандық кезеңi туралы ақпарат

22 сәуiрде «Үздiк педагог-2022» республикалық конкурсының аудандық кезеңi өткiзiлдi, оған ауданның 7 мектебiнен 7 педагог қатысты.

Педагогтердiң қызметiндегi конкурстық материалдарды бағалау үшiн комиссия құрылды, оған ауданның тәжiрибелi педагогтерi ендi. Байқау барысында өзiн-өзi таныстыру, портфолио, бейнеролик, қатысушылардың эсселерi қаралды.

Аудандық кезеңнiң қорытындысы бойынша «Үздiк педагог-2022» лентасы мен БАС ЖҮЛДЕНI Новокаменка орта мектебiнiң математика пәнiнiң мұғалiмi Унгарабай Сералиевич Абсаттаров алды;

I орын — Маликова Айнур Еркеновна, Бәйтерек орта мектебiнiң қазақ тiлi пәнiнiң мұғалiмi;

II орын — Лозовенко Алена Владимировна, Рассвет орта мектебiнiң бастауыш сынып мұғалiмi;

III орын — Жаркинова Зубида Азаматовна № 3 Бескөл орта мектебiнiң бастауыш сынып мұғалiмi;

Сертификаттар: Красножон Елена Викторовна Кондратовка орта мектебiнiң география және биология пәнi мұғалiмi, Байсалбаева Арайлым Ботаевна Дубровка негiзгi мектебiнiң ағылшын тiлi мұғалiмi,Головин Михайл Валерьевич Налобино орта мектебiнiң математика пәнi мұғалiмi.

Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Республикалық конкурстың облыстық кезеңiне аудандық кезеңнiң жеңiмпазы қатысады. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз, шығармашылық табыс пен жаңа жеңiстер тiлеймiз!

«Үздiк педагог-2022» республикалық конкурсының аудандық кезеңi туралы ақпарат

22.04.2022
Қараулар: 518
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет