Отбасы күні!

Қыркүйектiң 5-i мен 9-ы аралығында Қызылжар ауданының барлық мектептерiнде Отбасы күнi аталып өтiлдi.

Қызылжар аудандық бiлiм бөлiмi бiлiм мекемелерiнде Отбасы күнiн тойлауға арналған iс-шаралар жоспарын құрды. Соның негiзiнде ауданның 43 мектебiнде «Тәрбие басы — отбасы», «Дети — счастье семьи», «Отбасы — бақыт мекенi», «Семья — путь к счастью» тақырыптарында ақпараттық стендтар әзiрленiп, кiтап көрмелерi ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Как хорошо, что есть семья, которая от бед хранит меня», «Семья — мой дом радной» деген сияқты тақырыптарда сыныпы сағаты және саяхат сағаты өткiзiлдi.

Отбасы күнiнң көрнекiлiгiн арттыру мақсатында «Отбасы — тәрбие басы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Жетi ата» арт-терапиясы ұйымдастырылды. Дәстүрлi түрде барлық мектептерде ата-аналар мен мектептi жақындастыра түсетiн «Мама, папа, я — спортивная семья» көңiлдi старттар өткiзiлдi. шығармашылыққа жақын оқушылар өз кезегiнде "Вот, какая моя семья!" тақырыбындағы фото және «Менiң отбасым!» тақырыбындағы сурет байқауларына қатысып, өнерлерiн ортаға салды. Балалар үшiн әсiресе асфальт бетiнде сурет салу байқауы ерекше қызығушылық тудырды.

«Отбасы күнi» аясында барлық мектептерде «Вкусняшки моей семьи» тағам жәрмеңкесi ұйымдастырылды. Сонымен қатар iшiнде отбасыға қатысты пайдалы ақпараттары бар парақшалар таратылды.

Отбасы күнi мерекесiнiң түйiнi ретiнде әр мектепте «Отан — отбасыдан басталады» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткiзiлiп, соңы «Ынтымағы жарасқан отбасы» атты мерекелiк концертпен аяқталды.

Сонымен қатар, Отбасы күнi мерекесi аясында Қызылжар ауданында «Қазақстандық 21 ғасырдың ата-аналары: өз балаңа үлгi бол» тақырыбындағы ортақ республикалық ата-аналар конференциясы бастау алғанын атап өткен жөн. Бiрiншi конференция 1 сынып оқушыларының ата-аналарының басын қосты. Шара Бескөл орта мектеп-гиназиясында ұйымдастырылып, оған аудан әкiмiнiң орынбасары Алма Нургалиева мен бiлiм бөлiмi басшысының орынбасары Жанар Ақылбекова қатысты.

Аталмыш конференция үстiмiздегi жылдың қыркүйегi мен қазан айларында Бiлiм және ғылым минстiрлiгiнiң Балалар құқығын қорғау бойынша комитетке бағынысты Отбасы тәрбиесi институты елiмiздiң барлық бiлiм ошақтарында өткiзетiн болады.

12.09.2018
Қараулар: 1964
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет