Математика және физика мұғалімдерінің тамыз секциясы 2021 жыл

Санаулы күндерден соң жаңа оқу жыл басталмақ. 2021 жылдың 26 тамыз күні «БІЛІМДІ ҰЛТ — ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ» тақырыбындағы республикалық тамыз кеңесі аясында Қызылжар ауданының математика және физика мұғалімдерінің секция отырысы өтті. Бұл отырысқа математика және физика пәнінен сабақ беретін 75 мұғалім қатысты. Пеньков О.М. математика пәні мұғалім Елена Петровна Колоколова 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулықтағы өзгерістерді слайдттар арқалы елжей-тегжейіне дейін айтып берді. Бескөл мектеп-колледжінің математика пәні мұғалімі Новокрещенова Анастасия Сергеевна математика пәні мұғалімдеріне олимпиадаға дайындаудың әдістемелік нұсқау берді. Бәйтерек ОМ мұғалімі Күзеров Айдар Оразбайұлы білім сапасын көтерудегі ғылыми жобаның атқаратын рөлін көрсетті. Ал Рассвет ОМ мұғалімі Петрова Елена Юрьевна және Пеньков ОМ физика пәні мұғалімі Черныш Зинаида Геннадьевна өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында математика және физика пәндері бойынша ұсыныстар айтылды.

30.08.2021
Қараулар: 671
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет