Ағылшын тiлi пән мұғалiмдерiне арналған аудандық оқыту семинар-тренингi

2019 жылы 1 қараша күнi Қызылжар ауданы Парасат мектеп-лицейiнде «Ағылшын тiлiндегi ТЖБ және БЖБ тапсырмаларын әзiрлеу ерекшелiктерi » атты тақырыбына арналған ағылшын тiлi мұғалiмдерiнiң оқыту семинар-тренингi өттi. Жалпы аудандық мұғалiмдердiң қатысқандар саны 26-ын қамтыды.

Семинар аясында «Парасат» мектеп-лицейiнiң ағылшын тiлi мұғалiмi Киркенова Ж.С., Белое орта мектебiнiң мұғалiмi Якимова Л.Н., Пресновка орта мектебiнiң мұғалiмi Лукьянчик Т.А., Надежка негiзгi мектебiнiң мұғалiмi Меншинина. Д.Г. атты ұстаздарымыз жаңа бiлiм беру мазмұнын жаңарту аясындағы ТЖБ және БЖБ әзiрлеу мәселелерi жөнiнде өздерiнiң тәжiрибелерiмен алмасып, пән бойынша оқыту сапасын арттыруға арналған мүмкiндiктерiн талқылады.

Семинар қорытынды кезеңiнде ұсыныстар әзiрленiп,сертификаттар берiлдi. Жалпы семинар сапалы, жағымды,өте жақсы деңгейде өттi.

01.11.2019
Қараулар: 1508
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет