АУДАНДЫҚ «ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТАМЫЗДЫҚ СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ

2022 жылы 17 тамыз күні «Парасат» мектеп-лицейі кешенінде

«БІЛІМНІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: ОТАНШЫЛДЫҚ, БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне арналған аудандық тамыз секция отырысы өткізілді.

"Қызылжар аудандық білім бөлімінің" әдіскері Байгужинова А.И., 2021-2022 оқу жылының қорытындысы туралы, №3 «Бескөл орта мектебінің» білікті мұғалімі Исина А.С. «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жаңа оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік-нұсқаулық хатпен таныстырды.

Жалпы секция барысында Бугровое орта мектебінің орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі Жантасова Ю. А. «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтінмен жұмыс жасау арқылы коммуникативтік құзыреттілікті дамыту» және өзінің жеке авторлық бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсыныстармен бөлісті, «Бескөл мектеп-колледжінің» ЖШС мұғалімі Дубелевич Е.В. «Білім сапасын арттыратын инновациялық білім беру технологиялары», Пеньково орта мектебінің мұғалімі Тлегенова К.С. «Бақылаулар оқыту тәжірибесін жетілдіру құралы (сабақты жоспарлаудағы бақылаулар, ктж)» тақырыптары бойынша мазмұнды іс-тәжірбиелерімен бөлісіп,тәжірбие алмасты.

Секция соңында спикер ұстаздарымызға сертификат берілді.

17.08.2022
Қараулар: 524
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет