16.08.2022 ж. «Бескөл орта мектебі №3» КММ базасында тарих мұғалімдеріне арналған «Білімнің басты құндылықтары: патриотизм, білімге құштарлық, еңбексүйгіштік» тақырыбы бойынша аудандық секциялық кеңес өткізілді

АББ әдіскері А.Н. Кусаинова 2021-2022 оқу жылының қорытындысын шығарып, 2022-2023 оқу жылына арналған "Тарих" пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып кетті. Келесі спикерлер:

1. Тәңірбаев А.Қ. "Бәйтерек орта мектебі" КММ тарих пәнінің мұғалімі "Мектептегі тарихты оқытудағы мұражай педагогикасы" тақырыбында;

2. Давлетбаева А.К. "Бескөл мектеп-колледжі" ЖШС тарих мұғалімі: "Оқушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін шарттардың бірі ретінде мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерін пайдалану" тақырыбында;

3.Әділбекова С.А. " Парасат мектеп-лицейі " КММ тарих пәнінің мұғалімі "Тарих кабинеті және пән сабақтастығы" тақырыбында;

4. Мусина Р.М. "Налобин ОМ" КММ тарих пәнінің мұғалімі "Мектеп мұражайы жұмысындағы зерттеу қызметі" тақырыбында сөз сөйледі.

Пәндік секцияны талқылау барысында мұғалімдерге оқушылардың сабақта білім сапасын арттыру және сыныптан тыс жұмыс кезінде отансүйгіштікке, білімге деген құштарлық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.

16.08.2022
Қараулар: 586
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет